Білім министрі: Білімді түлектер педагогика мамандығын жиі таңдайтын болды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түлектердің арасындағы жаңа тренд туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аймағамбетовтың сөзінше үздік студенттер арасында педагогика саласын таңдағандар қатары көп.
"Қазіргі таңда болашақ мұғалімдердің стипендиясын екі есеге көбейіп, ең жоғары деңгейге жеткіздік. Қазір болашақ мұғалімдер 42 мың жалақы алады. Біз педагогикаға мамандығына түсу баллын 50-ден 75-ке дейін көтердік. Біз үшін бұл мамандыққа ең мықты түлектердің тапсырғаны маңызды”, – дейді Аймағамбетов.
Министр білім жүйесіне жасалған реформалардың арқасында, мықты түлектер мұғалім мамандығын таңдай бастағанын айтты.
"Бұған осы мамандықты таңдайтын" Алтын белгі "иегерлері үлесінің өсуі де дәлел. Соңғы ҰБТ қорытындысы бойынша біз осы мамандықты таңдаған "Алтын белгі" иегерлерінің үлесі екі есеге артқанын көріп отырмыз. Биыл ҰБТ-дан 135-137 балл жинайтын оқушылар да мұғалім мамандығын таңдап отыр”, – дейді Аймағамбетов.