Білім министрі: 1 қыркүйекте оқушылардың дәстүрлі кездесуі өткізілмейді
Оқу жылының басталуына орай 1 қыркүйекте дәстүрлі алғашқы қоңырау өткізілмейді, деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
«Біз дәстүрлі кездесу болмайды деп санаймыз. Сіздер эпидемиологиялық жағдайды өздеріңіз көріп отырсыздар. Сонымен қатар, бұл қисынсыз болар еді: біздің балаларымыз қашықтықтан оқытылады. Барлық балаларды бірден дәстүрлі білім күніне алып келу қисынсыз. Сондықтан біз жаңа жылға дейін мектептерге жаппай шаралар өткізбеуге кеңес береміз», - деді Аймағамбетов Tengrinews.kz-тің инстаграмдағы тікелей эфирінде.
Оның айтуынша, тіпті коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы едәуір жақсарған болса да, оқу аусымында ЖРВИ ауруы басталады.
«Жалпы, біз біртіндеп дәстүрлі режимге көшуіміз керек», - деп түйіндеді министр.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді