AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім гранттарының тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

Биыл білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 75 мыңнан астам өтінім берілді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 13 мыңға артық, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Білім министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, грантқа үміткерлердің өтінімін комиссия мүшелері қарайды. Комиссия құрамына мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, журналистер, "Қазақстан студенттері альянсы", Отандастар қорының өкілдері кірді.

Гранттар талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде тағайындалады.

"Биыл білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 75 мыңнан астам өтінім берілді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 13 мыңға артық. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелерін 15 тамызға дейін жариялау жоспарланып отыр", – делінген хабарламада.



Айта кетері, президенттің тапсырмасымен осы жылы гранттардың жалпы саны 5 мыңға артты. Яғни былтыр білім гранттарының саны 51 мың болса, биыл 56 мыңды құрайды.

Сондай-ақ гранттарды бөлу кезінде алғаш рет азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квота көзделген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр