Биліктен әрең кеткен Зимбабве президенті айына150 мың АҚШ доллар жалақы алатын болады
Зимбабвенің экс-президенті Роберт Мугабе өмірінің соңына дейін айына 150 мың доллар жалақы алып тұрады.
“Зимбабве африка ұлттық одағы — Патриоттық майдан” (ZANU-PF) билік партиясының мәліметінше, президенттік лауазымнан кету туралы келісім Мугабеге заңды иммунитет беруді қарастырады, сондай-ақ ақашалай төлемақыға кепілдік береді. Атап айтқанда, экс-президент бірден 5 миллион доллар алады, содан кейін елдің жаңа билігі Мугабеге тағы бірнеше аударым жасайды.
Газеттің есептеуінше, жалпы алғанда Зимбабве экс-президенті 10 миллион долларға дейін алады. Одан бөлек келісім Мугабеге 150 мың доллар көлемінде ай сайынғы жалақы беруді қарастырады.
15 қарашада әскерилер Мугабені үйқамаққа алған болатын. Президент отставкаға өз еркімен кетуден бас тартты. Дегенмен ZANU-PF парламентте импичмент рәсімін бастағаннан кейін Мугабе тақты босатуға мәжбүр болды.
Билік партиясы президенттік лауазымға ұсынған бұрынғы вице-президент Эммерсон Мнангагва бұл қызметті 2018 жылдың тамызында өтетін келесі сайлауға дейін атқарады.
Оқи отырыңыз:
Yahoo жүйесіне кибершабуыл жасады деп айыпталған Қазақстан тумасы өз кінәсін мойындауға әзір
Атышулы “Қалаулым” шоуының қатысушылары тікелей эфирде отбасын құрды (видео)