Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Былғанған жәйдесі дәлел": Алматы облысында трансгендер түрмеде өзін зорлады деп шағымданды

Алматы облысында жазасын өтеп жатқан трансгендер өзін зорламақ болғанын айтып шағымданды. Виктория Берікқожаеваның адвокаты ЛА -155/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушыны ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ұятты әрекетке мәжбүрлегенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Трансгендер түрмеде өзін зорлады деп шағымданды

Трансгендердің адвокатының айтуынша, бұған дәлел болатын былғанған жейдесі бар. Дәл қазір аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Виктория Берікқожаева 2017 жылы «Жауғашты» түрмесіне бопсалау бойынша айыпталып,  7 жылға жабылған. Бүгінге дейін өзіне жынысын ауыстырғанына байланысты темір торда намысына тигендер көп болғанын айтады. Оған алаңдаған адвокаты Виктория мен куәгерді басқа абақтыға ауыстыруын сұрайды. 

«Аталған мекемеге ұлттық қауіпсіздік комитетінің лауазымды қызметкері келіп, 19, 20, 24 шілде күндері сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған. Осылайша Викторияны қорлаған. Ол менің қорғалушыма осы жердегі адамдарға қатысты заңсыз әрекеттер жасайсың деп айтқан. «Осындағы адамдардың орны керек, сен соларды әдейі ұстап бересің» деген. Кейін мұны орындамағаны үшін қысым көрсеткен», - дейді адвокат Айман Омарова. 

Осы фактіге сәйкес, қылмыстық іс ҚР ҚК 121-бабының 2-бөлімі 4-тармағы бойынша тіркеліп отыр. Мұнымен қатар, медициналық сараптама орталығының дәлелдері де бар. Алайда қорғаушы бұл істің арты сұйылып кете ме деп қорқып отырғанын жасырмады. 

Талқылау