Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Билет алып, бірден ұшып кетуді ойладық": Алматыға келген шетелдіктер жер сілкінісінен кейінгі қорқынышы туралы айтты

Алматыдағы жер сілкінісінен алматылықтармен қатар, қалаға келген шетелдіктер де қатты қорыққанын жеткізді. Тіпті кейбірі тұрғылықты жерін ауыстыруды да ойлап отыр екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған жер сілкінісінен кейін қазақстандық сейсмологтар 400-ден астам афтершоктарды тіркеді. Кішігірім дүмпулер екі аптадан бір айға дейін созылуы мүмкін дейді мамандар. Осы болжамдардан қорыққан кейбір шетелдіктер тіпті тұрғылықты жерін қайтадан өзгертуді ойлаған.

“Біз мұндайды бірінші рет бастан өткеріп отырмыз, бұрын-соңды кездескен емеспіз. Бұл сондай сорақы сәт болды. Тіпті ұшақ билетін сатып алып, бірден осы жерден ұшып кету ойы болды. Бұл үйден өз аумағы бар жеке үйге көшуді ойлап жүрмін, бірдеңе болса бірден шығып кетуге болады”, – дейді Алматыда тұратын шетел азаматшасы Кристина Завьялова.

Сочиден келген Кристина Завьялова мен Максим Мельников екі айдан бері Алматыда жұмыс істейді. Олар тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатында тұрады. Айтуларынша, алғашқы жер асты дүмпуінен кейін көршілерімен бірге лифтке мініп, төмен түскен. Содан кейін олар үйлерден алыс аумаққа барып тұрған. Олар пәтерге қайтудан қорқып, аулада түнеген. Қазір олар дабыл сөмкелерін жинап, телефондарына арнайы қосымша орнатып, жер сілкіністері туралы ақпаратты үнемі бақылап отырады.

“Өте қатты толқындар болды. 12-ші қабатта, яғни үйдің ең жоғарғы қабатында болғандықтан қорқынышты болды. Не істерімізді білмедік. Біз ешқайда кетпейміз, осында қаламыз, жұмыс істеп, өмір сүре береміз деп ойлаймыз. Ал біз бұл жерде тағы қанша қалатынымызды уақыт көрсетеді”, – дейді Максим Мельников. 

Талқылау