Биыл жемқорлық фактісімен бір вице-министр, екі судья мен үш генерал ұсталды – Олжас Бектенов
2022 жылдың басынан бері 1 вице-министр, 2 судья, 3 генерал жемқорлық фактісі бойынша жауапқа тартылған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыла агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Олжас Бектеновтің сөзінше, 2022 жылы барлығы 600-ден аса лауазымды тұлғаның жемқорлыққа қатысы бар екені анықталған.
"Соның ішінде 1 вице-министр, 2 судья, 3 генерал бар. Президенттің елімізде тәртіп орнату, экономикамызды монополиядан босату туралы тікелей тапсырмасымен жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде 220 млрд теңгеден астам қаражат бюджетке қайтарылды", – деді агенттік басшысы.
Оның сөзінше, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша да белсенді жұмыс атқарылып келе жатыр.
"Жақында ғана агенттік қызметкерлері Көліктік бақылау комитетінің жұмысын талдады және құзыретті органдарға тиісті ұсыныстар енгізді. Мемлекет басшысы баяндамамды мұқият тыңдап, агенттіктің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша тиісті тапсырмалар берді", – деді Олжас Бектенов.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
