Референдумға арналған қаржы мемлекеттік резервтен алынады

Қазақстанның 15 наурызда өтетін референдумға қаржыны қайдан алатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сенат отырысында қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қанша қаражат бөлінетіні туралы сұраққа жауап берді.
Оның айтуынша, әзірге Қаржы министрлігіне бұл мақсатқа қаражат бөлу туралы ресми сұраныс түспеген.
Референдумға шығарылатын Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды
Конституциялық комиссия жетілдірілген заң жобасын аяқтап, Тоқаевқа референдумға шығаруды ұсынды
“Ақшаның көлемі бүгін түстен кейін немесе ертең белгілі болады. Өйткені біздің Қаржы министрлігіне бюджеттік сұрау әлі түскен жоқ. Біз Орталық сайлау комиссиясымен байланысқа шықтық. Олар тиісті сұранысты жолдайды. Референдумға қажет қаражат мемлекеттік резервтен алынады. Содан кейін белгілі болады”, – деді вице-министр.
Сондай-ақ вице-министр бұл референдумға алдыңғыдан көп қаржы бөлінуі мүмкін екенін айтты.
“Менің ойымша, шығын көлемі алдыңғы референдумдармен (2022 және 2024 жылдардағы) салыстырғанда көбірек болады. Себебі халық саны артты, инфляция да бар. Халық саны көбейген сайын сайлау учаскелерін де көбейту қажет. Тиісінше бөлінетін қаржы көлемі де ұлғаяды”, – деді ол.
Еске салайық, былтыр Атом электр станциясын салуға қатысты референдумға 15,5 миллиард теңге бөлінген еді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда республикалық референдумның 15 наурызда өтетіні айтылған еді.
"110 мың теңгенің орны": Алматыда бейтаныс жұп тойға шақырусыз кіріп тегін тамақтанып, көңіл көтерген