"Биыл интернетке үміттенбесін". Алматыда Алғабас ықшамауданында интернет жоқ

 Алғабас ықшамауданының тұрғындары әлі күнге интернетсіз отырғандарын айтып шағымдануда. Тұрғындардың келесі аптада басталатын сабаққа балалар қайтып білім алатынына алаңдап жатыр.  Айтуларынша, жергілікті әкімдік байланыс операторына, олар қайтадан әкімдікке жауапкершілікті сілтеумен қажытқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме беріп.

Бастауышта оқитын үш баласы бар Шолпан Тұрғыншаева тығырыққа тірелген. Онлайн оқу оларға оңайға соқпайын деп тұр. Ала жаздай қақпаған есік қалмаған. Бірақ интернет әлі тартылмады.

"Дұрыс интернет жоқ. Тек мобильді роутермен отырамыз. Ол роутермен отырған кезде мүлдем тартпайды. Қазір ауыл-ауылдарға интернетті тартып жатыр ғой. Бізде сондай дұрыс интернет жоқ", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Шолпан Тұрғыншаева. 

Шолпан секілді Алғабас ықшамауданындағы 100-ден астам ата-ана бар. Тіпті мектептегі сыныптастарын сағынған оқушылар қолына плакат ұстап, үлкендердің ортасына қосылған.


Білім министрі: Интернеті жоқ студенттер жатақханада жатып оқиды 


"Бізге интернет керек! Сабақ оқығанда интернет дұрыс ұстамайды. Қала ішінде болғанмен, бұл төрт көшенің интернеттен тарыққанына көп болған. Жазуын жазғанмен, әзір жауаптылар құлақ аспай тұр. Міркәш Әбдікәрімов, Алматы қаласының тұрғыны: -

"18-ші жылы бастаймыз, оны бітіріп береміз» деген бір әңгіме айтып еді. Бірақ ол іске аспай қалды. Қазір әкімдікке, «Нұр Отанға», прокуратураға тағы хат жаздық, көмек сұрадық.

Ал Қазақтелеком осы мәселеге қатысты "биыл интернетке үміттенбесін" деген жауабын берді. Өз кезігінде олар "Сымсыз басқа да баламаны пайдалансын" деп жауап қатқан.

Айта кетейік, жақында Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярощенко интернетке қосылмаған ауылдарда тұратын оқушылар мектепке барып оқитынын айтқан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр