Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл Ақмола облысында 9 мектеп пайдалануға берілмек

Ақмола облысының салынып жатқан мектептердің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Облыс әкімдігінің мәліметінше, биыл  білім беру саласында Аршалы ауданының Жібек жолы, Сандықтау ауданының Петровка, Целиноград ауданының Жаңа жол және Өтеміс ауылдарында, Қосшы және Көкшетау қалаларында 7 мектептің, Ақкөл ауданының Ақкөл қаласында салынып жатқан мектепке қосымшаның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. 

Бұнымен қоса өңір аумағына 2023-2024 жж. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 18 мектептің салынуы басталады.

"Аршалы, Біржан сал, Целиноград аудандарында, Степногор, Қосшы, Көкшетау қалаларында 7 мектеп, сондай-ақ 6 балабақша салу жұмыстары жалғасып жатыр. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы шеңберінде биыл  9 мектептің құрылысын бастау көзделген. Атап айтқанда, Целиноград ауданында 7 мектеп: Қаражар, Қараөткел, Қабанбай батыр, Қоянды, Ақмол ауылдарында 1 мектептен және Талапкер ауылында 2 мектеп, Көкшетау қаласында 2 мектеп", – делінген құжатта.

Талқылау