Биыл 5 айдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында тұрақты макроэкономикалық жағдай сақталуда
2021 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы экономикасының өсу қарқыны 103,1% деңгейінде қамтамасыз етілді. 7 көрсеткіштің 6-уы бойынша өсу қарқыны 100% жоғары деңгейде қалыптасты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өңір әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді.
Оның айтуынша, өткен жылғы қуаңшылыққа байланысты өсімдік шаруашылығы көлемінің азаюы, жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің 3,1% төмендеуіне алып келді.
"Осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша өңірде тұрақты макроэкономикалық жағдай сақталуда. Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын жақсарту және жалпы әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылданады", - деді облыс әкімі.
Талқылау
Пікір