Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"БИІК-Шымкент" Қазақстан чемпионаты аясындағы матчта төрешінің әрекетін айыптады

Фото: скрин/instagram.com/wfc_biik_shymkent

Әйелдер футболынан "БИІК-Шымкент" клубы Жезқазғанда өткен "Ұлытау" командасына қарсы матч кезінде бас төреші Андрей Бурдейновтың мінез-құлқына қатысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, матч барысында төреші шымкенттік футболшы қыздардың бірін қасақана аңдып, камераларға түспейтіндей жақын жерден жеке және қорлайтын сөздер айтқан. Клуб өкілдері төрешінің капитанға үнемі қысым көрсетіп, эмоцияға беріліп, ереже бұзуға итермелеуге тырысқанын алға тартты.

"Бәрі куәгерлердің көзінше болды, бірақ ол барлығын ақырын, жақыннан айтты, сондықтан камераларға түсіп қалмады. Ойын барысында капитанның әрекеттеріне қатысты жеке, қорлайтын сөздер айтып, оны әдейі эмоцияға беріліп, карточка алуға итермеледі. Біз бұған нақты баға береміз: бұл – спортшы қызға бағытталған сексуалдық сипаттағы қорқыту. Бұл эмоция емес, бұл төрелік емес. Бұл — өкілеттікті асыра пайдалану және қылмыстық әрекет", – делінген клуб мәлімдемесінде.

Матч кезінде төреші "БИІК-Шымкент" командасының үш бірдей ойыншысына сары қағаз көрсеткен. Соған қарамастан, кездесу шымкенттік ұжымның 9:1 есебіндегі ірі жеңісімен аяқталды.

Клуб төрешіге қатысты шара қолдануды талап етіп, бұл мәселе бойынша әділдікке қол жеткізу үшін барлық деңгейде әрекет ететінін мәлімдеді.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 05 Тамыз, 2025 14:57
Талқылау
`