Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Big Data және жас мамандар: «АЗИЯ АВТО» ЖОО-мен қалай бірлесіп жұмыс істейді

Автомобильдерге предиктивтік қызмет көрсету және «ақылды» қалалардың инфрақұрылымы – Қазақстанның шығысындағы студенттердің зерттеулерінің жаңа бағыты.

«АЗИЯ АВТО»  зауыты –  Volkswagen Group, KIA Motors атты әлемдік автоалыптардың және Renault-Nissan-Mitsubishi альянсының көпжылғы серіктесі. Атап айтқанда Өскемен конвейері Қазақстан нарығындағы мобильділіктің жаһандық технологияларының өткізгіші болуда. Алайда соңғы жылдары ең ірі автозауыттың базасында өзінің конструкторлық әзірлемелері де жүргізілуде. Олардың нәтижелері отандық өндірістің автомобильдерін сатып алушылардың ғана қызығушылығын туғызбайды, сондай-ақ республиканың ғылыми-инженерлік қауымдастығының да қызығушылығын туғызады.


Ерік Сағымбаев -  «АЗИЯ АВТО» АҚ бас директоры

 «АЗИЯ АВТО - Connected Car және Big Data инновациялық технологияларын табысты игерген Қазақстан автоөндірісінің алғашқы және жалғыз компаниясы. Біз бұл жұмысты үш жыл бұрын бастадық. Бүгінгі күні BIPEK Contact жүйесімен біз шығаратын автомобильдердің 90%-нан астамы жабдықталады. 

BIPEK Contact – ол автомобильдің иесі үшін де делдал үшін де жаңа мүмкіндіктерді ашатын, ыңғайлы сервис. Сервистің артықшылығын 10 мыңнан астам пайдаланушы бағалады. Бірақ мұнымен біздің мүддеміз шектелмейді. BIPEK Contact маркетингте коммерциялық құндылықты білдіретін деректердің ең үлкен ағымына серпіліс береді.
Бизнес процестерде «көп деректерді» қолдану сценарилерін әзірлеу перспективті бағыт. Біз де оны дамытуға ниеттіміз. Өкінішке орай, ағымдағы кезеңде зауытта мұндай міндеттерді шешуге қажетті біліктіліктері бар мамандар жоқ. Сондықтан компанияның алдында сырттан кеңес берушілерді тарту немесе осында, орында жаңа мамандарды дайындау таңдауы тұрды. 

Біз анағұрлым күрделі жолды – ғылыми қауымдастыққа көмек сұрап хабарласуды таңдадық. Алысқа барудың қажеті болмады. Біздің көптен бергі серіктесіміз – Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің предиктивтік аналитика саласында айтарлықтай атқарған жұмыстары бар. Біз пайдаланудағы автомобильдерден алатын деректердің шынайы массивтерін өңдеуде теориялық дағдыларды қолдану бірлескен жобаның міндеті болды. Мұндай серіктестік бізге өз біліктіліктерімізді кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге біз өте қажетті дағдылары бар мамандарды дайындауға университетке көмектесеміз» - дейді «АЗИЯ АВТО» АҚ бас директоры Ерік Сағымбаев.  

«АЗИЯ АВТО» өз әзірлемесі – BIPEK Contact күзет-сервистік жүйесі

2020 жылдың басынан бастап «АЗИЯ АВТО» мен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Көп деректердің технологиялары негізінде қосылған автомобильге арналған предиктивтік аналитика сервистерін әзірлеу» атты бірлескен жобасын іске асыруда. 

Жоғары оқу орнының студенттері зерделейтін «Көп деректер» меншіксізденген ақпарат массиві, оған автомобиль иесінің және оның автомобилінің дербес деректері кіреді. 
Бірінші кезеңде студенттер көп деректердің бағдарламалық-аппараттық инфрақұрылымын зерделейді.  Одан кейін ETL сервистерін (алу, қайта түрлендіру, жүктеу - ескерт.), предиктивтік аналитика және интеллектуалдық скоринг сервистерін әзірлеуге кіріседі. 

Бұл жағдайда предиктивтік аналитика алдын ала сыну мүмкіндігінің артуын болжамдауға және бірінші кезекте автомобильдердің иелерінің қауіпсіздігі мен ыңғайлығы үшін сақтандыру әрекеттерін жүргізуге мүмкіндік береді.

Қолданыстағы жоба туралы толығырақ С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген әңгімеледі. 

Мұхтар Толеген – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор, заң ғылымдарының кандидаты, PhD докторы.

«Біз «АЗИЯ АВТОМЕН» бірлескен зерттеулердің екі бағытымен бірлесіп жұмыс істейміз: Біріншісі – ол қосылған автомобильдерге предиктивтік қызмет көрсету технологияларын дамыту және енгізу. Қазір осы бағыт бойынша жұмыстар біздің Ұжымдық пайдалану ұлттық ғылыми зертханамызда толық қарқынмен жүргізіліп жатыр, 7 студент зауыттан жоғары оқу орнының орта буын маманының жалақысымен салыстырымды атаулы шәкіртақы алуда.

Екінші бағыт – ол «ақылды» қала инфрақұрылымына Connected Car технологияларын енгізу. Мұнда көптеген мүмкіндіктер бар: жолдардың жағдайы туралы деректерді «ақылды» жинау, нақты уақыт режиміндегі кептелістерді талдау және т.с.с. бар. Ол стартаптар, курс жұмыстары мен диплом жұмыстары үшін жақсы тақырып» - дейді Мұхтар Төлеген.

Қазірдің өзінде университеттің Ұжымдық пайдалану ұлттық зертханасының базасында деректерді өңдеуді есептеудің инфрақұрылымы кеңейтілген. Арнайы серверлер 24/7 режимінде жұмыс істейді. Жақында, зертханадағы эксперименталдық жұмыстар негізінде дайындалған екі жарияланым рейтингі жоғары халықаралық ғылыми конференцияларда таныстырылады.

Сондай-ақ Robolabs робот техникасы кабинетін жабдықтауға қосылған автомобильдің макеті енгізілуде. Есептеу инфрақұрылымының қуатын ұлғайту жоспарлануда. Университет пен «АЗИЯ АВТО» уағдаластығы аясында жоғары оқу орнының базасында заманауи дата-орталығын құру үшін жаңа сервер сатып алынуда. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-мен бірлесе отырып, зауыттықтар олардың ғылыми ізденістерін өндіріске енгізуді көздей отырып, жас ғалымдар үшін барлық қажетті жағдайларды жасауда.


Bipek Contact жүйесінің жабдығын тестілеу және баптау

«Біз біліктіліктері жоғары IT-мамандарды тәрбиелеуге мүдделіміз. Оқу кезеңінде инновациялық жобаларды іске асыруға қатысатын студенттердің жоғары оқу орынын деңгейі жоғары мамандар болып аяқтауларына барлық мүмкіндіктері бар. Олар өз тәжірибелерін кепілдендірілген қолдануға ие болады.  Ал біз өз тарапымыздан мұндай мамандардың «АЗИЯ АВТО» зауытында өз жолдарын жалғастырулары үшін барлық жағдайды жасаймыз» - деп баса айтты Ерік Сағымбаев. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр