Бидің түбін тескен аю жұртты күлкіге қарық қылды (видео)
Канада елінің Колумбия провинциясында ер адам «билеп тұрған» аюды видеоға түсіріп алды. Аталған видео желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кәсіби фотограф Рассел Милнер түсірген кадрлардан аюдың биге ұқсайтын қимылдар жасап жатқанын көруге болады.
«Ол болып жатқаннан ләззат алып жатқандай. Қонжық әкесіне қарағанда жап-жақсы билейді», – деді куәгер.
Милнердің айтуынша, аюлар ұрыстың алдын алып, өзі секілді аңдармен осылай ым-ишара арқылы «тілдеседі». Сондай-ақ, ол аңның жанында адам жүргенін сезсе де, еш қысылмағанын айтады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн