Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бибісара Асаубаева танымал гроссмейстер Сергей Карякинді жеңді

Мәскеуде өтіп жатқан "Шахмат жұлдыздары" турнирінде 18 жастағы шахматшы Бибісара Асаубаева рапидтен жарыстың басты фавориті Сергей Карякинді жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бибісара

Ресейлік Сергей Карякин – әлемдегі үздік гроссмейстерлердің бірі, спортшыда қазір 2 739 ұпай бар. 

"Олардың ойыны турдың сәнін кіргізді, эмоциялық тұрғыдан да, қорытындысы бойынша да. Бұған дейін өз сұхбатында Бибісара бұл сайыста бәрінен бұрын Сергей Карякин және Теймур Раджабовпен ойнағысы келетінін айтқан", – делінген хабарламада. 

ТАСС басылымына берген сұхбатында Карякин Бибісараның шеберлегін мойындаған. 

"Мен жақсы ойын өткіздім, нәтижеме ризамын. Әрине, сәтсіздіктер де, жеңіс те болады. Мен тек бір партияда жеңілдім, Асаубаеваға, бірақ ол керемет ойнайды, әлем чемпионы. Сондықтан ұтылғаныма ұялмаймын", – деді Карякин. 

Талқылау