Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бибісара Асаубаева Өзбекстандағы шахматтан әлемдік чемпионатында үздік үштіктің қатарына кірді

Өзбекстанда өтіп жатқан жылдам шахматтан (рапид және блиц) әлем чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ерлер мен әйелдер рапидте төрт тур ойнады.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева төрт партияның үшеуінде жеңіске жетіп, ұпай санын 5,5-ке жеткізді. Осы нәтижемен ол 3-орын алды. Көш бастап тұрған Анастасия Бондаруктың еншісінде  7 ұпай бар.

Басқа қазақстандық шахматшылар Зарина Нұрғалиева, Назерке Нұрғали, Ксения Балабаева және Әсел Серікбай 5 ұпайдан еншіледі.

Ерлер арасында Денис Махнев 5 ұпаймен тұр. Әрі қарай Даниял Сапенов (4,5) және Ернұр Амангелді (4,5 ұпай) жылдам шахматтан әлем чемпионы Ян Непомнящиймен тең ойнады.

Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры – 1 миллион АҚШ доллары. Оның 700 мыңы ерлер арасындағы ашық турнирде таратылады. Қалған 300 мың әйелдер жарысының жүлдегерлеріне беріледі.

26-28 желтоқсанда шахматшылар рапидте өнер көрсетеді, 29-30 желтоқсанда блиц-шахматтан ең мықтылар анықталады.

Талқылау