Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі Гран-при турнирінде көш бастап тұр: Қоржынында екі жеңіс
Қазақстанның шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Нью-Делиде өткен Гран-Приде қатарынан екінші партияны жеңді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Екінші турда қазақстандық шахматшы Грузия өкілі Нино Батсиашвилиді жеңе алды. Осылайша, Асаубаева Нью-Делиде қатарынан екінші жеңіске жетіп, Үндістан турнирінде екі ұпай жинады. Одан кейін бір жарым ұпайы бар бес шахматшы тұр.
29 наурызда Асаубаева Нью-Делиде жеңілмеген атақты ресейлік Александра Горячкинамен кездеседі. Оның қоржынында 1 ұпай бар. Алайда Горячкина ең жоғары рейтингтік коэффициентке ие – 2576. Ал қазақстандықта 2440 коэффициент.
Талқылау

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі

"Тиіндерді өлтіресіздер": Алматылықтар әкімдіктің егеуқұйрықтарды улау шарасына наразы
Сөздерінше, осылайша олар кеміргіштерден бұрын құстар мен тиіндерге, мысықтарға зиян келтіреді