Бибісара Асаубаева Қазақстанның жаңа гроссмейстері атанды
Фото: instagram.com/bibisarachess
Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде 21 жастағы Бибісара Асаубаева өзінің үшінші гроссмейстерлік нормасын орындап, алғаш рет 2500 рейтингтік межеден асты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
Бибісара 64 гроссмейстер қатысқан турнирде үздік отыздыққа еніп қана қоймай, әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсетті. Ол әйелдер Гран-приінің жеңімпазы Чжу Цзиньэр мен Олимпиада чемпионы Дивья Дешмухттан басым түсті.
"Енді тек ФИДЕ кеңесінің алдағы отырысында ресми бекіту қалды – содан соң Бибісара қазақстандық әйелдер арасындағы екінші гроссмейстер (GM) атанбақ", – делінген федерация хабарламасында.
Бірінші гроссмейстар – Жансая Әбдімәлік.
Еске салсақ, бұған дейін Бибісара Асаубаева Монакода өтіп жатқан FIDE Гран-при жарысында күтпеген жерден жеңіліп қалғанын жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген