Бибігүл Төлегенова: Құдайға шүкір, су тасып, қолмен кір жуған күндерім де болды
«Жастардың мұрнына қиындықтың иісі де бармайды» дейді аға буын өкілдері. Бибігүл Төлегенова тұрмыста қандай қиын күндерді басынан өткергенін айтып берді.
Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.
«Бір үйдің бұрышында жолдасымызбен, бала-шағамызбен бірге тұратынбыз. Сондай қиын күндер басымыздан өтті. Құдайға шүкір, отын салып, пеш те жаққан болатынбыз. 3-4 квартал жерден су тасып, кірді де жудық. 1 км қашықтықта орналасқан дәретханаға да бардық. Кеңес өкіметі кезінде осылай болды. Қазір ғой адамдардың «ақшаң болса қалтаңда, талтаңда да талтаңда» деп жүргені. Ақшаң болса, керегіңді таңдап ала бересің. Көшеде алақан жайып отырғандардың өзі бір бөтелке сүт пен нанға ақша табады. Біздің заманымызда тек еңбек бағаланатын», – дейді Бибігүл Төлегенова.
Жіберіп алмаңыз:
Абай Бегей әріптестерінің пәтерден-пәтерге көшіп қиналып жүргендерін айтты
Димаштың қытайлық жанкүйерлері Ақтөбеге баруға дайындалып жатыр
Тұрсынбектің әйелі президент ішкен суды ішіп алды
Ғаділбек: Ата-анаңның разылығын алсаң, Алла жолыңды өзі ашады