Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бибігүл Төлегенова: Әлішер деген тараздық өзбек эстрадада неғып жүр?

Қайрат Нұртасты сынап елдің сынына қалған Бибігүл Төлегенова енді тек орындаушылар қатарында жүрген талантты әншілерге ренжіді,-деп жазды Stan.kz сайты «Караванға» сілтеме жасай отырып.

сынау

Аталмыш басылым тілшісі Төлегеновадан Димаштан басқа да әншілердің таланты жайлы сұраған болатын. Әнші жауабында көптеген дауысы жақсы әншілердің өз мүмкіндіктерін  пайдаланбай жүргеніне өкпелі екенін айтқан.

 – Десе де, Қазақстан эстрадасы Димаш Құдайбергенді ғана мақтан тұтпайтын шығар?

– Әлішер Кәрімов деген тараздық өзбек бар. Жақсы бала, дауысы да өте жақсы. Бірде одан «осындай дауыспен эстрадада неғып жүрсің?» деп сұрадым. Ол «әлі де үлгеремін ғой» деп, басын ала қашты… Жоқ, енді үлгермейді. Сол ортаға кіріп кетті. Енді одан құтылу оңай емес.

Жалпы, жақсы әншілердің көбі эстраданы ұнатады ғой. Мысалы, Роза Рымбаева. Қандай кермет дауыс! Бірақ классикаға барғысы келмеді. Нагима Есқалиева. Ол да кейде ән салғанда, жаның тебіреніп кетеді. Бірақ ол есерленгенді жақсы көретінін айтты. Сөйтіп, эстрадаға кетті.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да желіге әдепсіз суреттерін жариялаған шенеуніктер жазаланды (фото)

Алматылық бала көрші аулалардағы шашылған қоқыстарды жинап жүр (фото)

Шымкентте 3 жасар бала ашық жатқан сым тоғына түсіп, қолын тұтас күйдіріп алды

Тоңазытқыштан табылған егіздердің ағасының әрі қарайғы тағдыры белгілі болды

 

Талқылау