AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

BI Group-қа қатысты модульдік аурухана салу кезінде ақша шымқыру дерегі жайлы қылмыстық тергеу тоқтатылды

BI Group холдингіне қатысты Алматы мен Шымкентте модульдік инфекциялық ауруханаларды салу кезінде бюджет қаржысын ұрлау туралы сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл жайлы премьер-министр Әлихан Смайылов мәжіліс депутаттарының сауалына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

аурухана

Пандемия кезінде уақытылы медициналық көмек көрсету үшін республикалық бюджет есебінен және жергілікті бюджет пен демеушілердің қаржыландыруымен 3 934 орынға арналған 16 модульдік инфекциялық аурухана салынған. Бүгін бұлардың барлығы штатты режимде жұмыс істеп, тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді.

2020 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың қаңтары аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент пен Алматы қалалаларында "BI-Industrial" ЖШС-не қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеген. Сонымен қатар Шымкент құрылыс басқармасы мен Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасының басшыларына қатысты инфекциялық аурухана құрылысы кезінде бюджет қаржысын жымқырды деген күдіккке ілінген. Тергеудің басталуына аудиторлық есеп себеп болды. Есепке сәйкес құрылыс нысандарының бағасы бастапқы бағадан 3,9 миллиард теңгеге қымбат болған. 

"Екі жағдайда да қылмыс құрамы болмағандықтан тергеу шаралары тоқтатылды. Шешім прокуратура органдарымен де мақұлданды. Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде инфекциялық ауруханаларды салу кезінде ақша жымқыруға қатысты іс жоқ", – деді премьер-министр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр