AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

BI Green жобасы аясында көгалдандырудың көктемгі маусымы жалғасуда

Өткен демалыста BI Green эко-жобасы аясында Нұр-Сұлтан мен Атырауда BI Group үйлерінің тұрғындары мен компанияның 200-ден астам қызметкері қатысқан сенбіліктер мен ағаш отырғызу іс-шаралары өтті. Қозғалыстың арқасында үш жыл ішінде бүкіл Қазақстан бойынша 25 000-нан астам ағаш отырғызылды.

Көгалдандырудың негізгі орындары 130 ірі ағаш отырғызылған Nexpo бигвилі мен 70 қарағаймен толыққан "Поколение" бигвилінің саяжолы болды.

Сондай-ақ, салынып жатқан Flagman тұрғын үй кешенінің жанындағы жағалауда 20 үлкен шырша пайда болды. 

Ағаштардың бұл түрлері климат үшін қолайлы, өйткені олар ауа райының құбылмалдылығына жақсы төзеді және топырақ таңдамайды. Жалпы биылғы көктемде 200-ден астам жасыл желек отырғызу жоспарланған.

"Біз бүгін елорданы көгалдандыруға қатысу үшін отбасымызбен шықтық. Осындай іс-шаралардың бүкіл қала бойынша өтіп жатқаны өте қуантады. Бұл тек қоршаған орта үшін ғана емес, сонымен бірге, табиғатпен жақын қарым-қатынаста болу және белсенді физикалық еңбекпен айналысу үшін де пайдалы", - дейді "Поколение" бигвилінің болашақ тұрғыны Санжар. 

Алғаш рет BI Green акциясы Атырауда өтті. Talan бигвилі мен Zaman ТҮК аумағында ақ қараған, бөртегүл және ақшатырдың 20 бұтасы бой көтерді. Бұл гүлді өсімдіктер тұрғындарды сұлулығымен қуантары сөзсіз.

Nova City, Sezim Qala Baqyt, "Времена года", "Сармат", "Номад" және Well House тұрғын үй кешендерінің аумағында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылды.

Айта кету керек, жақында BI Group компаниясы цифрлық тасымалдаушылардың пайдасына қағаздан бас тартатынын жариялады. Мысалы, блокчейн технологиясын онлайн-сатулармен интеграциялау арқасында Холдинг сатып алу-сатудың қағаз шарттарында ғана 2 млн.парақты үнемдеді, ал бұл 200 ағаш.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр