"Би билеп алып кетті" - Полицейдің әрекеті желі қолданушыларын күлдірді (видео)
Тәртіп сақшысының әрекеті желі қолданушыларының күлкісін тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Massaget сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция қызметкері сахнаға жақын маңда билеп жүрген азаматты күштеп алып кетпей, онымен бірге би билеп көрермендердің арасына әкелді.
Видео қазірдің өзінде 1,3 миллион қаралым жинаған. Желі қолданушылардың көпшілігі полицейлерден мұндай реакция күтпегендерін жазған.
"Жақсы полицейлер бар екен!", "Керемет! Бәрімен осылай достық қарым-қатынас ұстаған ұнайды", "Үлкенге құрмет деген осы. Жарайсың", "Егер полицейлердің бәрі осындай болса, бұл мамандыққа деген көзқарасым өзгеретін еді", "Офицер вальсіне дайындалып жүрген шығар", "Атам түсінбей қалды" - деп жазды олар.
@aibol.baige4 Ответ пользователю @Махов.Мейрбек83 #genshinimpact33updatfo #WheneverWherever #baigee #сәйгүлік #music #baigekz #alamin_1 ♬ Жалған дүние - Султан Марат
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн