Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Безеуді жасырмақ болған: Әйел құрбысының бояу жаққышын қолданғаннан кейін сал болып қалды

Аустралияның Квинсленд қаласында 31 жастағы әйел құрбысының косметикалық бояу жаққышын қолданамын деп сал болып қалды. 

Безеуді жасырмақ болған: Әйел құрбысының бояу жаққышын қолданғаннан кейін сал болып қалды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Джо Джилкрайст бетіндегі безеуді жасыру үшін құрбысының бояу жаққышын қолданған. Алайда ол бояу жаққышта зиянды бактериялар бар екенін білмеген.

Осылайша, әйелдің бетіндегі безеу арқылы организміне алтын стафилококк түсіпті.

Безеуді жасырмақ болған: Әйел құрбысының бояу жаққышын қолданғаннан кейін сал болып қалды

Арада біраз уақыт өткеннен кейін Джоның арқасы ауыра бастаған. Тіпті, қатты ауырғаны сонша, жас ана еш ойланбастан ауруханаға барыпты. Алайда сол кезде дәрігерлер оған ауыр дерті туралы айтып, өмір сүруге үміт жоқ екенін жеткізген. 

Дәрігерлер әйелге ота жасағаннан кейін оның көрер жарығы бар екені белгілі болды. Алайда Джо сал болып қалған.

«Нәтижесінде денемнің кеудемнен төмен бөлігі сал болып қалды. Ешқашан жүре алмайтынымды айтты. Алайда олай емес. Менің оқиғам бұлай аяқталмауы тиіс», - дейді Джо Джилкрайст.

Безеуді жасырмақ болған: Әйел құрбысының бояу жаққышын қолданғаннан кейін сал болып қалды

Джо бір жыл бойы физиотерапия және жаттығулармен айналысып, нәтижесінде аяққа тұрды. Ол өзіне кішкентай ұлы Томмидің күш бергенін айтады. Ұлыма қарап, берілуге болмайтынын түсіндім, дейді ол.


Безеуден қалай құтылуға болады: толық нұсқаулық

Талқылау