Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Без комментариев!”: Ақтөбе әкімі қанша жалақы алатынын айтудан бас тартты 

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов 29 қыркүйекте жұмыс күнінің соңында БАҚ өкілдерімен кездесті. Жиында өңір басшысы қанша жалақы алатынын айтудан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Кездесу барысында тілшілер өңір басшысынан жалақысының қанша екенін сұрады. Дегенмен шенеунік сұраққа жауап беруден бас тартты. 

“Сіздің жағдайыңыз қалай? Мен сіздің жалақыңызды сұраған жоқпын. Жақсы ма?”, – деді әкім журналиске. 

“Без комментариев!”. Оған менің құқым бар”,- деді әкім қысқа қайырып.

Сонымен қатар Тоғжанов Ақтөбеге әйелі және 2,5 жастағы баласымен келгенін айтты. Ал 9-сыныпта оқитын қызы Астанада қалған.

“Ақтөбеде күрделеніп қалған сұрақтар бар. Халыққа алғыс айтқым келеді. Көптеген күрделі сауалдарды ашық талқылаған кезде түсіністікпен қабылдап жатыр”,- деді облыс әкімі.

Еске салса, бұрын премьер-министрдің орынбасары болған Ералы Тоғжанов 31 тамызда Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалған еді. Бұған дейін өңірді Оңдасын  Оразалин басқарып келген. 

Талқылау