Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қытай ұлтының қайта жаңғыруын тоқтату мүмкін емес": Бейжіңде ел тарихындағы ең үлкен әскери парад өтті

Фото: Максим Шеметов / Reuters.сom

Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында Жапонияның тізе бүккеніне және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуына арналған парад ұйымдастырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей президенті Владимир Путин парадты Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің оң жағында отырып тамашаласа, сол жағында екінші басты қонақ Корей халық демократиялық республикасы жетекшісі Ким Чен Ын отырды. Парадта жаңа қару-жарақ түрлері көрсетілді.

Пекиндегі тікелей эфирде парад басталар алдында Путин, Ким және ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бірге мінберге шыққаны, артынан өзге ел басшылары ергені байқалды. Жалпы парадқа 26-дан астам мемлекет басшысы қатысты.

"Адамзат тағы да бейбітшілік пен соғыс, диалог пен текетірес, өзара тиімді нәтижелер мен нөлдік қосынды ойыны арасындағы таңдаудың алдында тұр", – деді өз сөзінде Қытай көшбасшысы.

Оның айтуынша, "қытай ұлтының қайта жаңғыруын тоқтату мүмкін емес", ал әлем елдері "соғыстың түпкі себептерін жойып, тарихи қасіреттердің қайталануына жол бермеуге тиіс".

"Жалпы қауіпсіздік тек әлем елдері бір-біріне тең дәрежеде қарап, үйлесімде өмір сүріп, бір-бірін қолдағанда ғана қамтамасыз етіледі", – деді ол әскер шеруін бастамас бұрын.


Трамп Бейжіңдегі әскери парадтан кейін Ресей, Қытай және Солтүстік Кореяны астыртын қастандық жоспарлап жатыр деп айыптады


Ильхам Әлиев Әзірбайжанның Кеңес одағының құрамына кіруін "оккупация" деп атады


Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Бейжіңдегі әскери парадты көру үшін Тяньаньмэньге барғанын жазған едік. Қытайдың Халық-азаттық армиясының 45 легі, яғни 10 мыңнан астам әскери қызметкері әскери парадқа қатысатыны туралы хабарланды. Сондай-ақ шеру барысында алғаш рет бірқатар жаңа қару-жарақ жүйелері көрсетілді.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 03 Қыркүйек, 2025 12:16
Талқылау