Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейтаныс аруды қызық үшін азаптап өлтірген қыз өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Оңтүстік Кореяда бейтаныс қызды тек қызық үшін өлтірді деген күдікпен ұсталған Чон Ю Чон өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Чон Ю Чон жәбірленушінің денесі чемоданға салып алған

Сот Чонға үкім шығарып, оның қылмыс кезінде психикалық және физикалық күйзеліске ұшырады деген пікірін жоққа шығарды. Сондай-ақ, сот оны 30 жыл бойы электронды бақылау құрылғысымен жүреді деген үкім шығарды.

23 жастағы Чон 26 мамырда Пусан қаласында фрилансер-репетитор әйелді өлтірді деген айыппен қамауға алынды. Қылмыс жәбірленушінің үйінде жасалған. Чон Ю Чон оны алдымен пышақтап өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Оқиға туралы полиция такси жүргізушісінің ақпаратынан кейін білген. Қаскөй қыздың бөлшектелген денесін чемоданға салып қала сыртына көмбек болыпты. Сол үшін такси шақыртқан көрінеді. 

Полиция сынамасында аномальды психопатия индексін көрсеткен Чон жәбірленушіні өмірінде бір рет кісі өлтіріп көру мақсатында өлтіргенін мойындап, көпшіліктің наразылығын тудырды.

Сотта Чон Ю Чон үшін қатаң жаза тағайындады. Өйткені жәбірленуші айыпталушының өз қызығушылығын орындау мақсатында өлтіргені анықталды және олар бұрын-соңды кездеспегені белгілі болды. 

“Қылмыс мұқият жоспарланып жасалған. Айыпталушының мәлімдемелері жиі өзгеріп отырды. Осылайша, оның психикалық және физикалық жай-күйі туралы пікірін қабылдау қиын", - деп түсіндірді сот.

Талқылау