Бейсен Құранбек: Мен үлкен қалаларда тұрып үлгeремін, ал әзір мүмкіндік бар кезде анамның қасында болайын
Төреғали Төреәлі Бейсен Құранбек жайлы естелік жазып, қара жамылған отбасыға, күллі қазаққа көңіл айтты.
"Мен үлкен қалаларда тұрып үлгeремін, ал әзір мүмкіндік бар кезде анамның қасында болайын". Бұл Бейсен ағаның қызмет, карьера, жарқ-жұрқ жалғанның қызығы таразының бір басына анаға деген құрмет екінші басына шыққанда таңдаған таңдауы. Мың сөзбен айтып жеткізе алмайтын тәрбие. Бәріміз аяп жатырмыз, жас кеткенін айтып, ауырғанын айтып. Ауыр әрине. Бірақ Алланың сүйген құлына қандай сынақ беріп, қандай жақсылық қалайтынын біз білмейміз ғой.
Бұл кісіден де жас қыршын кеткен Әбдірахманға Абай "жайнаған туың жығылмай, жақсы өліпсің япырмай" демеп пе еді. Жақсы өлім ол жақсы өмірдің лайықты жемісі, жеңісі. Сабырлы болайық, ешкімге оңай емес. Қаншама адамға пайдасы тиді, ата-анасын қадірледі, жарына адал болды. Құдайдың разы болатын бүкіл амалдарын жарқ еткен жарты ғасырға жетпейтін ғұмырында жасап үлгерді.
Ақыры Рамазан айының соңғы он күндігінде жан тапсырды. Қазір егіліп сөйлеп, езіліп жылап тұрсам да халықты қайрап , өзімше басу айтып тұрғандағым осы...
Әйтпесе жақсы адам өткен сайын жалғанның арты ашылып қала беретінін ойлап, Бейсекеңнің ел ағасы болып, ақсақал болып төрімізден түспей жүрсе ғой деген арманым ішімді тырнап бара жатыр. "Жәннат ананың табаның астында" деуші еді ғой, ал біздің жоғарыдағы сөзімізді бекерге айтқан жоқпыз.
Алла мейіріміне алып, рахымына бөлесін. Онсыз да жақсы адамдарға зәру жұрт едік, амал қанша!? Бақұл болыңыз, Бейсаға!", - деп жазды әнші парақшасында.
Бейсен Құранбек көз жұмды - Stan.kz ұжымы да танымал журналистің отбасына көңіл айтады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
