Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейсен Құранбек Талдықорғандағы ұзын көшені “Жансүгіров” деп атауға қарсы шықты

Тележүргізуші Бейсен Құранбек Талдықорғандағы Жансүгіров көшесіне қатысты назын айтты.

“Талдықорғандағы ең ұзын көше – Жансүгіров көшесі.

Жансүгіров деген адам тарихта болмаған. Жансүгір деген болған. Ол кісі Ақсуда туып, алашқа аты шыққан ақиық ақын Ілиястың әкесі.

Ал көше Ілияқа берілген. Олай болса, көшенің аты неге Ілияс көшесі деп аталмайды? Советтік кезеңнің өзінде Абай көшесі деп атадық ғой, Абай Құнанбаев көшесі емес.

Немесе Ілия ақын көшесі. Талдықорғанда Ақын Сара деген жап-жақсы атаулы көше бар ғой. Тым болмаса, Ілияс Жансүгірұлы көшесі.

«Ов» пен «ев»-тің қажеті қанша? Оны бәрібір кейінгі ұрпақ алып тастайды. Сондықтан кейін өзгертпеу үшін көшенің атын бірден дұрыстап қою керек-ау…”, – деп жазды Бейсен Құранбек желідегі парақшасында.

Тағы да оқыңыз:

Бекболат Тілеухан: Бізде өнер элиталық және “массовый” болып екіге бөлінеді

Мұхамедиұлы жалақы мәселесіне қатысты: Аш жүретін шығармашылық адамдар ғаламат туындыларды дүниеге әкеледі

Біле жүріңіз: Жол полицейі тоқтатқанда ұстанатын ережелер

Талқылау