Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейсен Құранбек қолы жоқ баланы жігерлендіріп, мектепке орналастыруға уәде етті

11 жастағы Балғынбек осыдан екі жыл бұрын болған жағдайды есіне алғысы келмейді. Оқиғаның қалай болғанын өзі де аңғармай қалған. Достарымен трансформатор маңында ойнап жүрген ол қауіпті аймаққа қалай кіріп кеткенін сезбей қалады. Кенет Балғынбектің шыңғырған дауысы естіледі. Достары оны екі жағынан сүйеп, үйіне алып келген. Енді ол мамандардан көмек сұрап отыр.

аву

Бұл туралы “Айтуға оңай” бағдарламасында айтылды.

Балғынбек үйдің тұңғышы. Өзінен кейін екі қарындасы мен егіз інісі бар. Дәрігерлер жарамсыз болып қалған екі қолын кескендіктен, мектепке де бармайды. Бауырлары ағаларының қиналғанын көріп мұңаяды. Ол ақын болып, биіктен көрінуді армандаған екен. Алайда қазір оның бір ғана арманы бар – қолына протез салдырып, ел қатарлы өмір сүру. Басында көпке дейін ұлымның қолының жоқтығына үйренісе алмай жүрдік. Дәретханаға өзіміз апарып, алып келеміз. Қазір көзіміз үйренсе де, қатты қынжыламыз. Өзі де қатты ыңғайыссызданады.

“Ақын-жазушы болып жүрсем деп армандадым. Биік-биік белестерден көрінгім келді. Қазір қолым болса екен деп армандаймын. Басқа арманым жоқ. Ниеттері жақсы адамдардан көмек сұраймын. 19 тамыз күні он екі жасқа толамын. Оңғар, Оспан, Нұрдәулет есімді достарым бар. Мен қызбен дос болмаймын. Ішімде алапат күш жатқанын сезінемін. Ник Вуйчич есімді азаматты жақсы білемін. Ол – аяғы мен қолы жоқ болса да, жүрегінің арқасында мықты болып кеткен адам.  Әке-шешем тамақ ішіп, киімімді ауыстыруға көмектеседі. “Мектепке жарамсызсың” деп айтқандықтан, қазір үйден оқып жатырмын.

“Сен мектепке жарамсызсың” деп айтқан адамның өзі жарамсыз. Сендей ақылды адамдарды балалардың ортасына қосып тұрып оқыту керек қой! Отырған адамдарға кейде қарным ашады. Мектепке барғың келсе, мен осы хабар біте салысымен, сені мектепке алдыруға тырысамын. Сабағыңа бар. олардың сені мектепке алмауға хақылары жоқ. Әйтпесе, үйде отырып қаласың. Ник Вуйчичтің ерекшелігі туралы айтып берейін бе? Оны да бастапқыда әке-шешелері арқалап, тамағын беріп, киіндіріп жүрген. Ол өте көңілді, рухы мықты болғандықтан, оны достары мектепке алып баратын болды. Кейін ол өзіне лайық, аяқ-қолы балғадай сұлу қыз тапты. Қазір оның бір күндік дәрісі қанша тұратынын білесің бе? 1 млн доллар тұрады. Біз оны бір күнге Қазақстанға алып келу үшін 313 млн доллар беруіміз керек болады. Ол өзі мен өмірді қатты жақсы көрді. Осындай болып қалдым екен деп жыламай, өзін дамыта білді. Маған айтуға оңай, бірақ мен сенің бойыңдағы ерекше күш-қуатты көріп тұрмын”, – дейді Бейсен Құранбек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Есірткіге тәуелді жігіт отбасын құруды армандап жүргенін айтып қынжылды

Күніне 1 кг топырақ жейтін тараздық келіншек ерекше тәуелділігі туралы айтып берді

Бейсен Құранбек сыртқы келбетіне көңілі толмаған келіншекті ұрысып тастады

Жалғыздықтан шаршаған мүгедек жігіт өзіне өмірлік серік іздеп жүр

Талқылау