Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейрут билігі порттағы жарылыстың шығынын есептеді

Бейрут билігі порттағы жарылыстың залалын есептеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Деректерді Ливан президенті әкімшілігі басшысы Мишель Аун Twitter-дегі ресми парақшасында жариялады.

"Алдын — ала бағалау көрсеткендей, жарылыс салдарынан келтірілген шығын 15 миллиард доллардан асты", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ливан премьер-министрі жақын арада Үкіметтің отставкаға кетуі туралы шешімін жариялайды деп хабарланған болатын. Министрлер бірнеше күн бойы тоқтамаған халық наразылығынан кейін отставкаға кеткен. Азаматтар көшеге шығып, Үкіметтің ауысуын талап етті, өйткені олар порттағы жарылысқа және жинақталған әлеуметтік-экономикалық проблемаларға билік өкілдерінің қабілетсіздігі себеп болды деген пікірде.

4 тамызда Ливан астанасындағы жарылыс теңіз портындағы қоймада 2750 тонна аммиак селитрасының жарылуынан болды. Жарылғыш заттар 2014 жылы иесінің үлкен мөлшердегі қарызына байланысты Африка елдерінің біріне тиесілі кемеден тәркіленгені анықталды. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыс салдарынан кем дегенде 154 адам қаза тауып, бес мыңнан астам адам зардап шекті. Ондаған адам хабар-ошарсыз кетті.

Талқылау