Бейнебақылау камерасы бойынша түскен айыппұлды қалайша жоюға болады
Жол ережесін бұзғаны үшін бейнебақылау камерасына түскен айыппұлды қалайша жоюға болатынын ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина парақшасында түсіндіріп өтті.
«Егер инспектор жүргізушіге жол ережесін бұзғанын айтса, оған протокол толтырады. Егер жол ережесін бұзған сәті бақылау құрылғыларына түсіп қалса, нұсқаулық жазылады.
Егер жол ережесін бұзған сәті бейнебақылауға түскен болса, әкімшілік құқық бұзушылық ісі жүргізушіге хабарламажіберілген сәттен басталады.
Хабарлама ереже бұзушыға хат арқылы немесе телеграмма арқылы жеткізіледі. Хат кәмілетке толған отбасы мүшелерінің біріне табысталуы да мүмкін. Ондай жағдайда алған адамнан қолхат жазылып алынады.
«Егер сіз мұндай хабарламаны алмаған болсаңыз, Ішкі істер органына арыз жаза аласыз. Егер сіздің арызыңыз қанағаттандырылса, ереже бұзылған күннен бастап екі ай ішінде тиісті хабарлама жеткізілмеген болса, нұсқаулық жойылады», – дейді Лукьянина-Костерева.
Сонымен қатар жол ережесінің бұзылғаны үшін көлік иесі де әкімшілік жауапқа тартылады.
Егер ережені басқа адамның бұзғаны анықталған жағдайда, мәселен, көлік ұрлығы болған жағдайда көлік иесі мұндай жауапкершіліктен босатылады.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстанда көлікті бұдан былай 20 минут ішінде тіркеуге болады
Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметіне келгелі алғаш рет селфиге түсті
Ақтауда 3-қабаттан секірген анасы мен қызы полицейлерден қашқан