Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көлікті бұдан былай 20 минут ішінде тіркеуге болады

Көлікті онлайн жүйеде тіркеуге болады. Бұл әдіс құжат рәсімдеуді 2минуттан 2 сағаттан 20 минутқа дейін қысқартады.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация басқармасының төрағасы Асылхан Оспанов желідегі парақашында жазды.

Корпорация ІІМ-мен бірлесе отырып көлікті тіркеуді электронды форматқа ауыстыру жөнінде мәселені ведомсвааралық комиссияның қарауына жіберді.

Оспановтың айтуынша, қазіргі уақытта көлікті сатып алған кезде сатушымен бірге ХҚКО-ға келіп көлікті тексеруі міндетті. Қарызы мен айыппұлын төлеп, құжаттарын өткізіп, көлікті есепке қояды. Осыдан соң екі сағат көлік нөмірінің дайын болуы күтеді.

«Ал, тіркеудің жаңа түрі бойынша, алдымен электронды үкімет порталына өтініш жібересіз. Ол жерде төленбеген айыппұл мен салығын біле аласыз. Мемлекеттік нөмірді таңдайсыз. Одан соң сатушы келісімді мақұлдайды. сіз кузовты тексеруге кез келген техбайқау пунктіне немесе арнайы ХҚКО-дағы ангарға барасыз.

(Бұл уақытта жаңа техникалық паспорт дайындалып жатады) Көлік тексерілген соң полиция тіркеуді аяқтайды. Сіз жаңа нөмір мен ХҚКО-дан техникалық паспортты ала аласыз немесе қазпошта арқылы тиісті мекен-жайға жеткізуге тапсырыс бересіз», – дейді Оспанов.

Осылайша көлікті тіркеу 2 сағаттан 20 минутқа дейін қысқарады.

Тағы да оқыңыз:

Қырғызстандық подполковник Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды

Сағадиев: Мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілеріне жеңілдіктер беруді ұсынамын

Астанада баланы педофилден арашалап қалған құрылысшылар марапатталды

Талқылау