Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада баланы педофилден арашалап қалған құрылысшылар марапатталды

Астанада кәмелетке толмаған баланы педофилден арашалап қалған төрт құрылысшы марапатталды.

Астанада баланы педофилден арашалап қалған құрылысшылар марапатталды

Бұл туралы елордалық медиаорталық хабарлайды.

2017 жылдың мамыр айында әлеуметтік желіде төрт ер адамның 11 жастағы қызды зорлай жаздаған ер адамды ұстап жатқаны туралы видео таралған еді. Қашып кетпек болған ер адамды ұстап қалған құрылысшылар оны полицияға тапсырған.

“Азаматтық позицияларын танытып, мұқият болып, қауіпті қылмыскерді ұстағандары үшін Сиявуш Эдиев, Герман Ни, Николай Лозовой және Руслан Шариповтар алғыс хатпен марапатталады. Қоғамдық қауіпсіздік сақтап қалғандары және қылмысты ашуға көмектескендері үшін оларға сондай-ақ, ақшалай сыйлық та табыс етіледі”, – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай күдікті вокзал аумағындағы нысан құрылыстарының бірінде жұмыс істеп жүрген. Оның әрекетіне қатысты полиция ҚР ҚК 121 бабы негізінде іс қозғаған болатын. Ол қызды алдап адам жоқ жерге қарай алып кетпекші болған.

 

Талқылау