Бейбіт Жұқаев US Open іріктеу турнирін жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысын жеңіспен бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ktf.kz
US Open іріктеу турниріне алғаш рет қатысып жатқан Бейбіт Жұқаев алғашқы айналымды сәтті бастады. Дүниежүзілік рейтингіде 218-орында тұрған Бейбіт әлемнің 165-ракеткасы, швейцариялық, 28 жастағы тісқаққан ойыншы Марк-Андреа Хуслермен кездесіп, екі сетте 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді Бейбіт отандасы рейтингіде 190-сатыдағы Тимофей Скатовпен жолығады. Осылайша, іріктеу сайыстарының жартылай финалында Жұқаев пен Скатов өзара кездесіп, кім мықтыны анықтайды. Жеңгені іріктеу турнирінің финалына шығады.
Айта кетейік, бұған дейін Зарина Диястың US Open іріктеу турнирінде бақ сынайтынын жазған едік.
Талқылау

"Азық-түлік пен несиеден артылмайды": Қазақстандағы аз жалақы қандай проблемаларға әкеп соғады
Тұрғын елдегі 10 жыл оқыған дәрігерлердің жалақысы 250 000 теңгеге жетпейтініне наразы

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі