Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң 6 маусымда қолданысқа енеді

Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 25 мамырда президенттің "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңға қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Заң алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Заң 2020 жылғы 26 мамырда жарияланды, сәйкесінше 2020 жылғы 6 маусымда күшіне енеді", делінген хабарламада.

2020 жылғы 6 маусымға дейін "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңы өз күшінде қалады.

Сондықтан бейбіт жиналыстар туралы хабарламалар мен келісімді алу туралы өтініштерді жолдау "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңы күшіне енгеннен кейін мүмкін болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр