Бейбіт Шүменов WBA чемпиондық белдігінен айырылып қалды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов WBA чемпиондық белдігінен айырылып қалды.
Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
Әлемдік бокс ассоциациясы өздерінің рейтингін қайта жаңартып, нәтижесінде бірінші ауыр салмақ бойынша қазақстандықтың чемпиондық атағы кубалық Юниер Дортикосқа берілген.
Негізі Шүменов пен Дортикос сәуір айында жекпе-жекке шығуы керек еді. Алайда Бейбіт жаттығу кезінде көзін жарақаттап алып, кездесу кейінгі қалдырылған. Осы себепті әлемдік ассоциация WBA чемпиондық белдігін Дортикосқа беріп отыр.
Осы жағдайдан кейін Бейбіт Шүменов кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтауы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Жылдың қарымта жекпе-жегі: Уорд Ковалевті тағы да ұтты (видео)
Нью-Йоркте жүрген шымкенттік полицей кәсіби рингте 11-жеңісіне қол жеткізді
Комментатор Головкинді Ресей құрамасының футболшысымен шатастырып алды
Ұзындыққа секірген жеңіл атлет басындағы жасанды шашын түсіріп алды (видео)