Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Сейдуалиева: Анамның орындалмай кеткен арманын мен орындадым

Бейбіт Сейдуалиева қазақтың әнші қызы. Үлгілі жар, бір әулеттің келіні. 9 ағайынды әулетке келін болып түскен ол абысындарымен, қайын жұртымен арақатынасы туралы айтты. Одан бөлек анасының арманы жайлы сөз етті. Бұл туралы әнші Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бейбіт Сейдуалиева 27 жасында тұрмыс құрған. 20 жасында Тоқтар Серіковпен танысып, 7 жыл кездесті. Кейін бас қосты. Отбасын құрған соң өнерден кетіп, бар уақытын бала тәрбиесіне, отбасына, ата-енесіне арнады. Кейін сахнаға қайта оралды. Алайда ол үшін еш өкінбейді. 

“Мен кеш тұрмыс құрдым. Тоқтармен жастайымда танысқаныммен өнер деп жүре бердік. Үйленуді ойламадық. Мен концерт бердім, екі альбомымды шығардым, бейнебаян түсірдім. Тоқтармен бірге жүрдік. Бірге ән айттық. Бастапқыда аға-қарындас болып жүрдік. 7 жыл бойы кездесіп жүргенімізді айтпадық. Бірақ халық сезіп қойды. Бізді қосылса деп тіледі. Бірге жарасатынымызды айтты. Бірақ біздің ата-анамыз, бауырларымыз, туыстарымыз болғандықтан біз жасырдық. Оны жариялау ұят деп санадық. Кейін үйленетін кезде ғана бәрі белгілі болды. Отбасын құрған соң өмірімді отбасыма арнадым. Себебі, әйел адамның ең басты міндеті – өмірге бала әкелу. Оған қарау, тәрбиесіне қарау. Ата-енем болды. Олардың қас-қабағына қарау. Мен ол кездер үшін еш өкінбеймін. Мен ешнәрсе жоғалтқан жоқпын”, –деді Бейбіт ханым. 


Бейбіт Сейдуалиева анасы қайтыс болған соң, әкесіне екінші жар таңдап бергенін айтты


Әнші егер біраз уақытымды отбасыма бөлмегенде қазіргідей күйге жетпес едім дейді. Өмірде армандаған арманымның бәріне қол жеткіздім дейді ол. Әсіресе, анасының арманын өзі орындаған. 

“Анам әнші болатын. Жастайынан өнерге жақын болды. Ән айтып, жарыстарға қатысып жүретін. Әкем қызғанғандықтан сахнаға шыға алмаған. Бірақ мені жетеледі. Мен жетсе екен деді. Мені өнерге әкелді. Әкем қарсы болғанмен, мен әнші болдым. Себебі анамнан, әкемнен дарыса керек, мен өнерді жақсы көрдім. 11 жыл биге қатыстым. Кейін ән айта бастадым. Ешбір дайындықсыз, ұстазсыз жарыстарда жеңіп жүрдім. Анам мені көріп өз арманы орындалғанын айтты. Менің әнімді тыңдап өзі айтқандай сүйсінді”, – деді әнші. 

Бейбіт ханым абысындарымен жақын қатынаста екенін айтады. Олармен апалы-сіңлідей араласамыз дейді ол.

“Тоқтар 9 ағайынды. Ерке өскен. Әке-шешесі үлкен кісілер. Абысындарыммен жақсымын. Туған бауырдай болмаса да, шын жанашырмыз. Абысын тату болса, ас көп дегендей. Бізде бәрі тату. Тіпті балаларымыз аға-жеңгелерімізді әке-ана деп атай береді. Әжесі солай үйреткен. Ол тату болсын, алыстап кетпесін, мейірім оянсын деген ниеті екен. Мен де ене болармын. Мен де келіндерімнің тату болғанын қалаймын. Сондықтан қазір өзім сондай үлгі көрсетуім керек. Тоқтар екеуміз өзгеге үлгі боларлық отбасы болсақ деп армандаймыз”, – деді ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр