Бейбіт Сарыбай: Бекболат Тілеуханға арашашы, адвокат болмай-ақ қойыңыздар
Жерді жалға беруге байланысты дау әлі де тыйылар емес. Оған қатысты беделді тұлғалар мен шенеуніктер де пікірін білдіріп жатыр. Осы орайда жазушы, журналист Бейбіт Сарыбай депутат Бекболат Тілеухановқа қатысты пікірін білдірген болатын. Ашынған жазушы депутаттан өз қадірін төмендетпеуін сұрап, онысын ашық жазған. Бейбіт Сарыбайдың осы жазбасын оқығандар түрлі пікір білдірген-ді. Ол жазбасының жазылу себебін түсіндіріп, кей адамға Бекболат Тілеуханның қорғаушысы болмауға кеңес берді.
Фото: radioshalkar.kaztrk.kz
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
“Басы ашық нәрсе бар. Мен Бекболат ағаның дұшпаны емеспін. Өмір бойы ол кісінің жеке басына, азаматтығына, әншілігіне тілім тиген кезі жоқ. Бар болғаны пікіріне пікір білдірдім. Ал, енді оны осындағы ағайын бөлісіп, таратып жатса, олардың да айтқысы келген назы деп түсінген жөн шығар. Арқа сүйер ағаға деген өкпе шығар. Әйтпесе сол билікте жүрген “шіріген жұмыртқаларға” өкпемізді, назымызды айтсақ, айтпайық па. Өйткені олардан үміт, қайыр жоқ. Қайыр жоқ болғаннан кейін үндемейміз. Егер күні ертең басқа жағдайда Бекболат аға топ бастаса, әскерінің сапында болмасымызға кім кепіл?.. Сондықтан ол кісіге арашашы, адвокат болмай-ақ қойыңыздар”, – деп жазады Бейбіт Сарыбай өзінің facebook парақшасында.
Мұнымен қатар, журналист ешкімнің азаматтық намысына сөз тигізбегінін жеткізді.
“Тағы қайталап айтамын, мен ол кісінің ар-намысына тиетін сөз айтқан жоқпын. Ал, сол кісіні қорғамақ болып азан шақырып қойған атым мен атамның атын кірістіріп, “Бейбит жүрген бір ит, Сарыбай жүрсеңші сарымай, Боғыңды пакетке салып-ай” деп жазғандарды да оқыдық. Ұйқасы тәуір екен деп күлдім де қойдым… Шын діндар, шын тақуа адамның аузынан шығатын сөз емес. Жәй ғана пікір білдірген адам күнәһар ма, әлде, адамды итке, боққа теңеген адам күнәһар ма, оны да бір Алла біледі. Көттің сасығын боқтан көреміз, ауыздың сасығын неден көрсе болады?”, – деп сауал тастады Сарыбай.
Сөз соңында “Алаш ұранын” айтқан Бекболат Тілеуханның мың есе артық екенін айтып, жұртқа жоғарыдағы видеоны тыңдауға кеңес берді. Ол елдің рухы көтеріліп, Алаш баласы бірігіп жатса, оған осы әннің әсері боларына кәміл сенімді.
Оқи отырыңыз:
Жазушы: Бекболат аға, данышпандығың өзіңе, енді осы аз ғана қадіріңді сақтап қалшы