Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бетперде тақпаған әйелді автобустан теуіп шығарған кондуктор жұрттың ашуын келтірді (видео)

Ресейде қоғамдық көлікте бетперде тақпаған әйелді кондуктор қуып шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Белгілі болғандай, оқиға Красноярск қаласында орын алған. Кондуктор бетперде тақпаған әйелді теуіп шығарып тастаған. 

Желіде таралған видеода екі әйел сөзге келіп, кейін арада төбелес орын алған көруге болады.  

Көлік департаментінде зардап шеккен әйел бастапқыда бетперде тағудан бас тартқан, содан кейін кондуктордың ызасына тиген. Автобус қызметкері жұмысынан шығарылып, мәселе полицияға жіберілген. 

 

Талқылау