Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алексей Цой: Бетперде тағу қауіпсіздік белдіктерін пайдалану сияқты қадағалануы керек

Коронавируспен күресте қабылданған шаралардың тиімділігі 70% азаматтардың санасына және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына байланысты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

"Covid-19 аурушаңдығы мен өлім-жітімі бойынша жағдайды одан әрі тұрақтандыру үйлесімді жұмыс пен экономиканың барлық секторларын тартуға байланысты екенін ерекше атап өткім келеді. Атап айтқанда, қабылданып жатқан тұрақтандыру шараларының тиімділігі медициналық көмек пен эпидемиологиялық іс-шаралардың сапасына тек 30%-ға ғана байланысты. Осылайша, қалған 70%-ы бетперде режимін және  30%-ы гигиенаны сақтау, сондай-ақ әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтау - 40% құрайды", - деді денсаулық сақтау министрі.

Министрдің айтуынша, үйден тыс жерлерде маска тағу инфекцияның таралуын 30%-ға азайтады. Инфекцияның таралуында қол тазалығы да ерекше рөл атқарады.

"Осыған байланысты, біріншіден, қауіпсіздік белдігін міндетті түрде қолдану сияқты мүдделі мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарды тарта отырып, бетперде режимін сақтау үшін бизнестің бақылауы мен жауапкершілігін күшейту қажет", - деді Цой.

Екіншіден, барлық қоғамдық орындарда қолды өңдеу үшін санитайзерлер орнатуды қамтамасыз ету.

Үшіншіден, барлық ақпараттық арналар бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Әлеуметтік қашықтық принципі де сақталуы керек.

Талқылау