Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бетперде таққан адам” атымен танымал блогер Бішкектен келген ерлі-зайыптының емін төлеп берді

"Бетперде таққан адам” атымен танымал блогер Бішкектен келген ерлі-зайыптының емін төлеп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды

Оралдық блогер ерлі-зайыптының емін және қажылыққа бару ақысын төледі. Сонымен қатар отбасына пәтер мен көлік сатып алып берді.

Бішкектен келген ерлі-зайыптының екеуі де – I топтағы мүгедектігі бар жандар. Олар екі кішкентай қыз тәрбиелеп отырған ата-ана.

Еске салсақ, Stan.kz ақпарат агенттігі ұйымдастырған сауалнамада бетперде таққан адам "Жыл адамы 2023" мәртебесіне ие болған еді

Талқылау