Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бетінің бәрі қан болды": Байзақова өзін балағаттаған адаммен төбелескені туралы

Байзақова өзін балағаттаған адаммен төбелескені туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Digistan бағдарламасына сілтеме жасап. 

Бетінің бәрі қан болды: Байзақова өзін балағаттаған адаммен төбелескені туралы

Айжан Байзақова өзінің ер адамдармен төбелесетінін жасырмады. Ол сондай оқиғалардың бірін есіне түсіріп, "қаншық" деп балағаттаған жігітті соққыға жыққанын айтып берді. Ол ер адаммен ойланбай-ақ төбелесіп кеткен. 

"Екі жыл бұрын барда жүрген кезде "Байзақова - қаншық" деп бір ер адамның артымнан айқайлағанын естідім. Бұрылып қарасам бойы кішкентай жігіт достарының артында тұр. Кіп-кішкентай болып айқайлап тұр екен. Мен көп ойланбай-ақ, төбелесіп кеттім", - дейді Айжан Байзақова. 

Осылайша атышулы ару өзін қорғай алатынын жеткізген. Қанын шығарып жігітті ұрып тастаған Байзақова мұндай оқиғалардың жиі болып тұратынын жасырмады. Осы жолы атышулы ару шындығын жасырмаған. 

"Қалған жігіттер тұр түсіріп. Мен онымен төбелестім, бетінің барлығы қан болды. Күзет мені шығарып алды. Ол астында жатты, мен ұрып тастадым. Мұндай оқиғалар болып тұрады", - дейді Айжан Байзақова.  

Талқылау