Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бетінен шапалақпен ұрып, аузын жапқан: Өскеменде тәрбиеші әйел баланы қалай ұйықтатқаны жайлы айтып берді

Өскеменде баланың бетінен ұрып, оның аузын жапқан тәрбиешіні небәрі үш күнге бас бостандығынан айырыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жекеменшік балабақшалардың бірінде бала күтуші әйел бүлдіршіннің бетінен бірнеше ұрып, жылаған баланың аузын қолымен жаба жөнеліпті. Дегенмен бір жарым жасар баланы соққының астына алған қызметкер бұл қылығы үшін тергеушінің алдында жауап берген. Тергеу ісі 2,5 айға созылыпты. Бұл уақытта бала ем қабылдап, невропатологтың қарауында болыпты. Бұған қоса бүлдіршіннің мұрнына зақым келіп, оның демалуы бұзылған көрінеді. Жақында ғана сот отырысы аяқталып, қатыгез тәрбиешіге қарсы үкім шығарылыпты. Алайда судьяның бұл үкімі баланың ата-анасын одан бетер күйзелтті. 

"Судья сот үкімін оқи бастаған да жағамды ұстадым. Балабақша қызметкерін үш-ақ күнге бас бостандығынан айырды. Ашу алқымымды қысып, жылап жібергім келді. Бұл не масқара? Неге мемлекетіміздің заңнамасына сәйкес "жануарларға аяусыздық танытқаны үшін" жаза тағайындалады да, ал "балаларға аяусыздық танытқаны үшін" ешкім жазаланбайды? мен соны түсінбеймін. Ондай бап та жоқ екен", - деді соққыға жығылған баланың анасы Анастасия Отто. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 10 Желтоқсан, 2019 13:34
Талқылау