Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бетіңе айтайын, адам емессің": Нұр-Сұлтанда науқастың әкесі мен дәрігер жаға жыртыса жаздады (видео)

Нұр-Сұлтан қаласындағы аурухана дәрігері мен баланың арасында кикілжің туындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

дәрігер

Оқыс жағдай 4-нен 5 тамызға қараған түні Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 балалар ауруханасында болды. Ер адам баласының дене қызуы 38-39 градусқа көтерілгендіктен, үйіне дәрігер шақыртады. Маман өз кезегінде баланы тексеріп, өзімен бірге ауруханаға баруды сұрайды. Алдын ала болжам бойынша аппендицит немесе пиелонефрит деген диагноз қояды. 

Алайда ауруханадағы дәрігер анықтамаға суық тиді деп жазып, үйлеріне баруды, ертең келіп учаскелік дәрігерге қаралуды сұрайды. Оның айтқанымен ер адам келіспей басқа дәрігер шақыруды талап етеді. Дәрігер өз кезегінде дауыс көтеріп, екеуі жанжалдасып кетеді. 

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Stan.kz (@_stan.kz)

Ертесінде бар кінәрат суық тигенде емес, баланың бауырында болғаны анықталады. Ал ер адам мұндай әрекетке баласы үшін алаңдағандықтан барғанын айтады. 

Естеріңізге сала кетсек, Ақтауда осыған ұқсас жағдайда дәрігердің бір күнге қамауға алынғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау