Бетіндегі үлкен жарасын алып тастаған бала отадан соң көз жұмды (фото)
14 жастағы баланың бетіндегі жараны алып тастау отасы сәтсіз аяқталды.
Майамиде 14 жастағы баланың бетінен салмағы 4,5 келі болатын жарасы алынып тасталды. Алайда жеткіншек отадан соң көз жұмды. Бала күнінде оның аяғы ауырған. Кейіннен бетіне үлкен жара шығып кетті. Бастапқыда кішкентай болғанымен екі жыл ішінде доп секілді үлкен болып кеткен. Жараның салмағын көтере алмағандықтан баланың мойны да сынып кетіпті.
2017 жылы науқас бала үшін дәрігер Роберт Маркс арнайы Майамиге шақыртылды. Ота 12 сағатқа созылды. Алайда отадан соң бірнеше күннен кейін баланың жағдайы нашарлап, көз жұмды. Баланың ата-анасы мәйітті медициналық зерттеуге беруге келісті.
Тағы да оқыңыз:
Дәрігерлер 11 айлық сәбидің ішінен 16 инені алып шықты
Таразда істі болған сығандар сот отырысындағылардың көзін байлап, қарғыс айтты
Шымкент әкімі есеп беруді орысша жүргізбеген аудан әкіміне ұрсып тастады