Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бет күтімі, ыдыс-аяқ немесе тәттілер: Қазақстандықтар 8 наурызда қандай сыйлық бергенді жөн көреді

глав фото

8 наурыз қызғалдақ пен құттықтауға арналған ашықхаттардың мерекесі емес. Бұл – жақыныңа, анаңа не әжеңе хабарласып, айта алмағаныңды жеткізуге арналған керемет мүмкіндік. Мереке өзгерген жоқ, бірақ оған дайындық пен халықтың көзқарасы өзгерді. Ал маркетплейстер мен онлайн сауда дамыған кезеңде көпшілігі сыйлығын алдын ала тапсырыс беріп, қамдамануды ертерек бастайды. Stan.kz тілшісі мереке қарсаңында қазақстандықтардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалатынын және әйелдерге қандай сыйлықтар алатынын сараптап көрді. 

Wildberries компаниясының клиенттік сервис және тәжірибе департаменті 8 наурыз қарсаңында арнайы сауалнама жүргізген. Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі (83%-ы) таныстары мен жақындары Халықаралық әйелдер күнін атап өтетінін айтқан. Ал ерлердің 88%-ы жақындарына сыйлық беретінін атап өткен. Оның ішінде анасы не әжесі, зайыбы не сүйіктісі, әпке-қарындастары бар. Айта кетері, бұл көрсеткіштер сауалнама жүргізілген ТМД елдерінің ішіндегі жоғарысы. Мәселен, армениялық еркекдің 76%-ы, беларусьтік ерлердің 75%-ы Халықаралық әйелдер күніне сыйлық береді. 

Бұл күні сауалнамаға қатысқан әйелдердің 79%-ы қыз-келіншектерге сыйлық беретінін айтқан. Ал маркетплейстің клиенттері сыйлық ретінде келесі тауарларды таңдайды:

вижуал 

вижуал

Сараптамаға көз жүгіртсек, қазақстандық сатып алушылардың тең жартысы (49%-ы) сыйлыққа 15 мың теңгеден 40 мың теңгеге дейін қаржы жұмсамақ. Ал медиандық көрсеткіш 20 мың теңге, яғни сатып алушылардың жартысы осы сомаға дейін, жартысы осы сомадан жоғары тауарларды алады.

Әр аймақта мереке кезінде берілетін сыйлықтар әртүрлі

Wildberries сарапшыларының дерегіне сенсек, 2025 жылы маркетплейс арқылы негізінен зергерлік бұйымдар жинағы, фен мен қазанға дейін тапсырыс берген. Ал 2026 жылы қазақстандықтар арасында тұрмыстық және асүй техникасы, шайға арналған ыдыс-аяқ жинағы, тәттілер салынған қобдиша, камерасы бар смарт-көзілдірік, түрлі шай жинақтары мен хош иісті шамдар сұранысқа ие.

вижуал

Ал кішкентай ханшайымдарға көбіне мектепке арналған қаламдар жинағы, ойыншық ыдыстар, мультфильм кейіпкерлері бейнеленген косметика жинағын сыйлайды.

Қазақстандықтар әріптестеріне көбіне әдемі принтпен саптаяқ, шай мен тәттілер жинағы, ал мектеп мұғалімдеріне арнап шай, термос мен “Сүйікті ұстазыма” деген жазуы бар блокнот сатып алады.

2026 жылы қазақстандықтар 8 наурызға ақпаннан бастап дайындала бастаған. Сарапшылардың сөзінше, қыстың соңғы айында маркетплейсте бет күтіміне арналған косметикаға сұраныс артқан.

Ал ел аймақтары бойынша сұранысқа ие тауарлардың сызбасы келесідей:

вижуал

Назархан Уән
Жұма, 06 Наурыз, 2026 14:20