Бестеректегі балалар өлімі: Жол апатынан комаға түскен қыз бір айдан соң көз жұмды
Фото: pixabay.com
Абай облысы, Бестерек ауылында тамыз айында болған қайғылы жол апатынан кейін бір айдан астам уақыт комада жатқан қыз көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президенттің тапсырмасы бойынша, аман қалған үш балаға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін оқиға орнына әскери ұшақ жіберілген еді. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін екі бала санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілді.
Ал ауыр жараланған үлкен қыз алдымен Үржар аудандық ауруханасына, кейін санитарлық авиацияның тікұшағымен Семейге тасымалданды.
“Науқас қыздың жағдайы өте ауыр болды. Дәрігерлер өмірі үшін бар күшін салды. Алайда жарақаттары тым ауыр еді. Ол есін жимастан көз жұмды”, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
- Маңғыстаудағы трагедия: Он адам қаза тапқан жол апатынан тірі қалған жүргізуші қамауға алынды
- Қостанайда жүріп келе жатқан таксиден құлап түскен әйелді көлік басып кетті
Еске салайық, бұған дейін Абай облысында көлік бір топ баланы қағып кетіп, үш бүлдіршін мерт болып, тағы үш бала жарақат алған еді. Жол апатында жараланған екі бала санитарлық авиация арқылы Астанаға әкелініп, қаладағы №2 көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Денсаулық сақтау министрі ауруханаға барып, балалардың жағдайымен танысты.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
