Бестеректегі балалар өлімі: Екі науқас ауруханадан шығарылмақ
Фото: freepik.com
Бестеректе жол апатынан зардап шегіп, Астанаға санитарлық авиациямен жеткізілген екі бала үйлеріне шығарылмақ. Дәрігерлер олардың жағдайын “жақсарып қалды” деп бағалап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір науқастардың ешқандай шағымы жоқ.
“Қажетті емдеу-диагностикалық шаралар жүргізілді. Өздерін жақсы сезінеді. Тәбеті жақсы. Балалар белсенді. 4 қыркүйек күні ауруханадан шығуға дайындалып жатыр”, – деді ведомство өкілдері.
Жағдайының ауыр болғанына байланысты Астанаға жеткізілмеген қыз да Үржардағы ауруханада дәрігерлердің бақылауында болып, 23 тамызда санавиация арқылы Семейге жеткізілді. Оның жағдайы өте ауыр, науқас комада.
Еске салайық, бұған дейін Абай облысында көлік бір топ баланы қағып кетіп, үш бүлдіршін мерт болып, тағы үш бала жарақат алған еді. Жол апатында жараланған екі бала санитарлық авиация арқылы Астанаға әкелініп, қаладағы №2 көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Денсаулық сақтау министрі ауруханаға барып, балалардың жағдайымен танысты.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
