Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бес жылдан бері серігім": Нұр-Сұлтанда зорлықшыны ұстаған ит марапатталды

Нұр-Сұлтанда зорлықшыны ұстаған ит марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Зорлықшыны ұстауға көмектескен Дэни атты ит пен иесі Сергей Гробунов марапатталды. Күдіктінің ізін суытпай, көмек сұраған келіншекке болысқан ит пен иесі осылайша келіншекті зорлықшылардан аман алып қалған.

"Кеше 11-і күні белгісіз 1984 жылы туылған азамат азаматшамен жыныстық қатынасқа түсіп, ұсталды. Қазір сот сараптамасы тағайындалып, соның қорытындысын күтіп отырмыз", - дейді қалалық Полиция департаментінің Сарыарқа аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дулат Жұмағұл.

Оқиға Нұр-Сұлтан қаласындағы Алтынемел көшесінде болған. Итімен серуенге шығып, жартылай жалаңаш келіншектің көмекке шағырғанын естіген Сергей Гробунов бірден полиция қызметкерлеріне қоңырау соғады. Алайда, таксиге отырып қашпақ болған күдіктілердің бірін жіберіп алмайын деген оймен күшігі екеуі зорлықшыға қарай жүгіре жөнеліп, оны көліктен сүйреп шығарған.

"Олардың ішімдік ішкені сезіліп тұрды. Бірақ қысым көрсетіп, қарсылық көрсетпеді. Тек біреуі қашуға ұмтылды.  Оларды ұстауға итім көмектесті. Дэни жауынгерлік, қорғаныс, шабуылдау, аңшылыққа емес, тек жүгіруге арналған. Бес жылдан бері серігім", - дейді қала тұрғыны Сергей Горбунов.

Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 120 бабы бойынша тергеу жұмыстары басталып кеткен.

Талқылау